Алматы тұрғындары коммунал қызмет ақысын асықпай төлейді

Мұндай мүмкіндік ең әуелі карантин салдарынан қиын жағдайға тап болған тұрғындарға беріледі.

Бүгіннен бастап карантинге байланысты қаражат бойынша қиын жағдайға тап болған тұтынушы телефон арқылы немесе сайттар арқылы қызмет көрсетушінің есеп айырысу бөліміне хабарласып, жылдың наурыз және сәуір айлары үшін төлемдердің мерзімін ұзарта алады. Төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі тек жеке тұлғаларға және сумен жабдықтау мен кәріз жүйесі («Алматы су» МКК), жылыту және ыстық сумен жабдықтау («Алматы жылу желілері» ЖШС), электр энергиясы («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы), телефон байланысы («Алматытелеком» АТД) қызметтері бойынша беріледі, — деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Карантин кезінде коммунал қызметтерге қарызы бар тұрғындар электр жарығынан, судан, жылу мен газдан және телефон байланысынан ажыратылмайды. Борышкерлерге айыппұл салынбайды.

Біраз жұрт ақысыз еңбек демалысына кетуге, енді бірі қысқартуға ілікті. Бұл жағдай әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жұмыссыз жүргендерге ауыр тиді. Қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен лифт пен қоқыс шығаруды қоса алғанда, барлық коммунал қызмет бойынша төлемді кейінге қалдыру туралы келісімге келдік. Наурыз және сәуір айларына келген түбіртекті жыл соңына дейін төлеуге болады, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында.

Қызмет төлемін кешіктіріп төлеу мәселесі бойынша мына call-орталықтарға хабарласуға болады:

«АлТС»: +7 (727) 341-07-77, [email protected]
+7 (701) 098-45-05, [email protected] – «Орталық» КҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін);
+7 (708) 249-87-79, [email protected] – «Батыс» КҚ (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін);
+7 (777) 969-84-46, [email protected] – «Шығыс» КҚ (Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының тұрғындары үшін);
«Алматы су»: +7 (727) 3-777-444, almatysu.kz және as-portal.kz;
«АлматыЭнергоСбыт»: +7(727) 356-99-99, 399-99-00, esalmaty.kz
«ҚазТрансГаз»: +7 (727) 244-55-33, ktga.kz;
«Алматытелеком»: 160, +7 708 000-01-60, telecom.kz;
«Тәртіп»: 7 (727) 344-19-19, +7 (727) 393-08-05, +7 (727) 393-08-03, tartyp.kz;
«Алматы лифт»: +7(727) 390-28-19.

Карантин кезінде «Алматы су» мекемесі Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмысын тоқтатпайды және карантин уақытында дебитор қарызы бар тұтынушыларды судан ажырату, басқа да ажыратур жұмысын жүргізбейді. Карантин уақытында азаматтарда қаржы қиындығы туындаған кезде «Алматы су» мекемесі оларға дебитор қарызын жылдың соңына дейін бөліп төлеуге мүмкіндік бере алады, ол үшін мекеменің сайтында өтініш қалдыру керек, — деді «Алматы су» кәсіпорнының коммерция директоры Айдын Сайлаубай онлайн брифингіде.