Жергілікті телефон байланысы қызметінің республика бойынша жалпы көлемінің 21,8%-і Алматыға тиесілі — 655,3 миллион теңге. Қазақстан бойынша үй телефонына сұраныс азайғанымен Алматыда, керісінше, байланыстың бұл түрін пайдалану бір жылда бірден 11,9% артқан.

Үй немесе кеңсе телефонын пайдалану жөнінен Қарағанды (республика бойынша көлемнің 10,6%-і) және Шығыс Қазақстан (7,8%) облыстары да үздік үштікке енеді.

Жергілікті телефония

Тұтас алғанда, үй телефоны атавизмге айналып барады: сектордағы қызмет көлемі 2014 жылдан бері азайып келеді, — дейді Energyprom.kz мамандары.

2019 жылдың 12 айының қорытындысына қарағанда байланыс саласындағы қызметтің жиынтық көлемінің ішінде жергілікті телефонияның үлесі 4,6% (2020 жылғы қаңтарда 4,2%) қана болды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 8% болған.

Жергілікті телефония

Қазақстанда жергілікті телефон байланысы қызметінің орташа төлемі — 1006 теңге. Тариф 2013 жылдың ақпанынан бері өзгермеген.

Жергілікті телефония

Зерттеушілердің айтуынша, 5G ұялы байланыс желісі енгізіліп жатқан кезде халықтың жергілікті телефониядан бас тартуы — табиғи құбылыс. Айта кетейік, 5G еліміздің үш ірі қаласында — Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте сыналды.