Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы науқастардың...

Алматыдағы науқастардың бірі өкпенің созылмалы ауруымен ауырады

Алматыдағы ең соңғы дерек — Ресей азаматының коронавирус жұқтыруы. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаевтың мәліметінше, бұл азамат Краснодар — Мәскеу — Алматы бағытымен ұшып келген.

Ешқандай санатқа кірмейтіндіктен пациент карантинге алынбаған. Ол бұған дейін Мәскеу — Алматы рейсімен ұшып келген, инфекция жұқтырған басқа адаммен байланыста болған. Пациент осы науқаспен байланыста болған адамдарды іздеу нәтижесі бойынша табылды. 17 наурызда ол карантинге алынып, талдау жасалды. 19 наурызда расталған нәтижесімен жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі кезде қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасында коронавирус жұқтырған 16 пациент, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала мен олардың бірінің анасы жатыр, — деді Тілеухан Әбілдаев.

Бұрыннан өкпенің созылмалы обструктив ауруымен ауыратынына байланысты бір науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда. Бір күн бұрын Тілеухан Әбілдаев науқастардың бәрі қанағаттанарлық жағдайда екенін мәлімдеген еді.

1 наурыздан бастап төрт провизор стационарында 608 адам, үй карантинінде 730 адам жатыр, бәрінің температурасы қалыпты.

19 наурызда таңертең Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36-дан 37-ге жеткені хабарланған еді.