Басты бетЖаңалықтарТөтенше жағдай режимінің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Төтенше жағдай режимінің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Болжам бойынша температура аздап төмендейді.

Атмосфераның фронтал таралымдарының өтуімен бірге республиканың көп бөлігінде жауын-шашын түсіп, солтүстікте жел күшейеді, шығыста температура жоғарылайды, бірақ фронттардың артынан ығысатын суық антициклон әуелі батыста, кейін Қазақстанның қалған аумағында температураның біртіндеп төмендеуіне себеп болады.

Мамандардың мәліметінше, алдағы 3 тәулік ішінде республиканың кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады.