Басты бетЖаңалықтарӘлем нарығындағы...

Әлем нарығындағы ахуал еліміздегі азық-түлік бағасына әсер ете ме?

Министрдің айтуынша, былтыр макроэкономика, қаржы және әлеуметтік ахуал тұрақсыздығын болдырмау үшін шаралар кешенін іске асыру жоспары қабылданды, онда мұнай бағасының өзгеруіне қарай қолға алынатын сценарийлер қарастырылған.

Бүгінде біз мұнай бағасының төмендегенін байқап отырмыз. Үкіметтің барлық іс-қимылы осы жоспарға сай үйлестіріледі. Мұнай шығаратын елдерде түрлі әдістеме, жоспар, тағы басқа бар. Елімізде 2000 жылдардың ортасынан бастап әдістеме өзгерген, мұнай-газ саласынан келіп түсетін барлық түсім тікелей Ұлттық қорға аударылады, яғни қалыптасқан бағасына қарамастан бюджетке түспейді. Ұлттық қордан жыл сайын кепілдендірілген тәртіппен 2,7 триллион теңге бюджетке келіп түседі. Осылайша бюджет баға өзгерістерінен қорғалған. Бүгінде шығыстарды оңтайландыру бойынша тапсырма бар. Бюджетті нақтылау көздерінің бірі —  инвестиция жобаларының бір бөлігін кейінгі жылдарға қалдыру, осы жылы басталған көп жобаны биыл бастамауға да болады, сонымен бірге басқа да жүйелі шаралар қабылданады, — деді Руслан Дәленов.

Ұлттық экономика министрі Қазақстанда өндірілетін азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын тауар бағасы өзгермейтінін айтты.

Азық-түліктің басым бөлігі елімізде өндіріледі, олар жергілікті ресурстарға байланысты. Сондықтан теңгеге шаққандағы доллар бағамының өзгеруінен азық-түлік бағасы өзгермеуге тиіс. Азық-түлік бағасына, әрине, басқа да факторлар әсер етуі мүмкін: маусымдылығы, тауар ретіндегі кедергілер, бәсекелестіктің болмауы, саудагерлердің алдын ала сөз байласуы, бірақ ішкі ресурстардан өндірілетін өнімге сыртқы бағам мен доллар бағамы ықпал етпейді, — деді министр.

Дегенмен Руслан Дәленов доллар бағамының өсуі азық-түліктен басқа тауарларға әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ішкі өндірісте жоқ немесе тиісті деңгейде өндірілмейтін техника, электроника, фармация өнімдері тәрізді азық-түлік емес тауарларға келсек, әрине, доллар бағасы оған ықпал етеді, біз 2009 және 2016 жылдары мұны бастан өткердік. Біріншіден, фармация саласында келісімге келу институты бар. Бірыңғай дистрибьютор өнімдердің негізгі бөлігі бойынша келісімшарт жасасып қойды. Электроникаға келсек, әлем брендтері баға сұраныстың ішкі мүмкіндіктеріне сай келуге тиіс екені сияқты құрамдас бөлшектерді алдын ала ескереді. Сондықтан электроника тауарларының бағасы әдетте мұндай жағдайда бұрынғы шамасында қалады, — деді Руслан Дәленов.