Басты бетЖаңалықтарДәріханаларда медициналық...

Дәріханаларда медициналық бетперде қымбаттауы мүмкін

Біздің есептеуімізше, бүгінде дәріханалардағы бетперделердің бағасы — шамамен 80-100 теңге. Бұл баға күнделікті өсуі мүмкін, себебі Қытайда медициналық бетперде өндірілетін шикізат қымбаттады. Мысалы, бетперденің негізгі компоненті Meltblown материалының бағасы 16 есе өскен. Қазір біз оған балама ретінде Ресей мен Беларусьтен шикізат қарастырып жатырмыз. Мемлекеттің қазіргі негізгі мақсаты — еліміздегі барлық дәріхананы медициналық бетпердемен қамтамасыз ету, — деді  Гүлмира Мұхамеджанова.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша, барлық дәріханадағы медициналық бетперденің құнын қадағалау мүмкін емес, бірақ кейбір көтерме саудагерлер бетперде өндірушілермен бағаны өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дәріханадағы дәрі-дәрмектің ғана бағасын қадағалауға құқығы бар. Медициналық бұйымдардың бағасына талап қоя алмаймыз, — деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы.