Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырдым, — деп жазды Президент Twitter-де.
Соңғы мәлімет бойынша Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асты. Оның 2 788-і қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 36 мыңнан астамы ауруханадан айығып шықты. Қазір эпидемия Еуропада тарала бастады. Коронавирус дүниежүзі бойынша барлығы 46 елде таралып отыр.