Азаматтардың әскерге жарамай қалуына көбіне қандай ауру себеп?

Вице-министр қандай ауру түрлері азаматтардың әскерге алынуына жиі кедергі болатынын айтты.

Денсаулық жағдайы, әскери қызметке қатысы жоқ ауру түрлері бойынша мерзімді әскери қызметке жарамсыз деп танылатын адамдардың нозологиясы құрылымында психика мен мінез-құлық ауытқуы бірінші орында, 25,4%. Екінші орында қанайналым және жүйке жүйесі аурулары, әрқайсы 12,7%-тен, үшінші орында зәршығару, жыныс жүйелері мен асқорыту органдары ауруы, 10,4%-тен, — деді Бақыт Құрманбаев Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің отырысында.

Оның айтуынша, психика мен мінез-құлық ауытқуының негізгі себебі — «бейімделудің бұзылуы» деген диагноз, оның симптомдары әдепкі жағдайдың күрт әрі күйзеліс туғыза өзгеруіне және қолайсыз оқиғаларға тұрақты жағымсыз реакция білдіру түрінде байқалады.