Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, 2015-2019 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 150 фильм мен 8 сериал түсіруі керек болған. Фильмдердің 135-і түсірілді, 12-сі әлі жарыққа шыққан жоқ, үш фильм туралы еш мәлімет жоқ.

2019 жылы 17 фильм түсірілуі керек болды, бірақ оның 11-і ғана түсірілді, алты фильмнің өндірісі аяқталған жоқ.

Фильмдер

Кейінгі бесжылдықта түсірілген фильмдердің 57-сі — драма, 75-і — деректі фильм, үшеуі — анимация. 1 драма мен 7 деректі фильм былтыр түсірілді.

5 жылда түсірілген фильмдердің 71-і қазақ тілінде, 58-і орыс тілінде. Сонымен бірге 4 картина ағылшын тілінде түсірілген.