Басты бетЖаңалықтарАқпанның 11-індегі...

Ақпанның 11-індегі ауа райы: өңірлерде қар жауады

Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында антициклон әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл, Түркістан облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте қар толассыз жауады. Ақмола облысында кей жерде тұман түседі, бұрқасын мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, Маңғыстау облысында көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Алматыда су тасқыны қаупі бар. Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, 18 градус аяз болады.

Синоптиктердің мәліметінше, 11-13 ақпан күндері Қазақстан арқылы өтетін Арктиканың суық фронттары қар жаууына, бұрқасынға, солтүстік-батыстан күшті жел соғуына, оңтүстік облыстарда жауын-шашынға, жаңбырға, жылбысқы қарға, тұман мен көктайғаққа себеп болады.