2019 жылдың қарашасының соңында Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің жалпы саны 3,8 миллионға жетті, бұл 2018 жылдың 11 айына қарағанда 6,9% аз. Автокөліктердің 94,4%-і немесе 3,6 миллионы жеке тұлғаларға тиесілі, бір жыл ішінде жекеменшік жеңіл автокөліктердің саны 6,7% азайған. Заңды тұлғаларға тиесілі автокөліктер болса, бір жыл ішінде 9,6% азайыпты, олардың саны — 209,2 мың.

Жеңіл авто

Тіркелген жеңіл автокөліктер саны бойынша Алматы облысы алда: 492,6 мың, одан кейінгі орындарда Алматы (469,7 мың) және Шығыс Қазақстан облысы (295 мың) тұр.

Жеңіл авто

Қазақстанда қолданылғанына 10 жылдан асқан жеңіл автокөлік көп. 2019 жылдың қарашасының соңында мұндай автокөлік саны 2,5 миллион болды, дегенмен көрсеткіш бір жыл ішінде 4,4% азайған. 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктердің үлесі жалпы жеңіл автокөліктердің 65,2%-іне тең.

Айдалғанына 3-7 жыл уақыт болған жеңіл автокөліктердің саны — 597,6 мың, бір жылда 12,6% көбейген. Мұндай «жас шамасындағы» автокөліктердің үлесі Қазақстандағы барлық жеңіл автокөліктің 15,9%-іне тең. Ал еліміздегі барлық жеңіл автокөліктің 10,5%-і — айдалғанына 3 жыл бола қоймаған машиналар. Олардың саны — 397 мың. Жаңа жеңіл автокөліктер саны бір жылда 23,3% азайған.

Жеңіл авто

2019 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанда барлығы 806,8 мың жеңіл автокөлік жаңадан тіркеуге алынды — бұл 2018 жылдың 11 айымен салыстырғанда 0,7% аз. 806,8 мың жеңіл автокөліктің 561,3 мыңының (64%) айдалғанына 10 жылдан асқан, 155,5 мыңының жасы 3 пен 7 жыл аралығында, ал айдалғанына 3 жылдан аса қоймаған автокөліктердің саны — 83,5 мың.

Республика бойынша жеңіл автокөлік бір жыл ішінде Нұр-Сұлтанда ең көп тіркелген: 269,8 мың (бір жылда 1% артқан). Бұл жерде бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі көлік нөмірінің өзгеруіне байланысты тіркелген жеңіл машина саны көбейген Түркістан облысы мен Шымкент есепке алынбады.

Жеңіл авто

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!