Қазақстан коронавирустан сақтануға 1,5 миллиард теңге бөлді

Үкімет резервінен вирус инфекцияларынан, соның ішінде коронавирустан қорғану құралдарын сатып алуға қосымша 1,5 миллиард теңге бөлінді. Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты. 

Мәжіліс кулуарында Бердібек Сапарбаев журналистердің коронавирустан сақтану шаралары туралы сұрағына жауап берді.

Кеше Үкімет басшысы бетперде және қорғанысқа қажет басқа да қосымша құралдарды сатып алуды тапсырды. Қаулыға қол қойды. Үкімет резервінен қосымша 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бұған қоса, қажет заттар қоры бар. Тұтас алғанда, халыққа медицина көмегі қажет бола қалса, бізде барлық мүмкіндік — құрал-жабдық та, қаражат та бар, — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Бердібек Сапарбаев елдегі дәріханаларда бетперде таусылып қалғаны туралы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл олай емес, біздің адамдар дүрлігіп, бәрін сатып ала бастайды. Олай істемеу керек. Медицина бетпердесі бізде жеткілікті. Қандай да бір дәріханада болмай қалса, бізге айтыңыздар, біз ол жерге қорды жеткіземіз, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бердібек Сапарбаев журналистерге қазір Үкімет Қытайдың Сыртқы істер министрлігімен ол жақтағы Қазақстан студенттерін елге әкелу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

680 туристің жартысы елге келді. Біздің есебіміз бойынша бүгін-ертең қалғаны Қазақстанға оралуы қажет. Елге қайтқысы келген студенттер үшін ұшақ дайындап қойдық. Қытай Жаңа жылына байланысты олар каникулда. Қазір каникулды ұзарту мәселесі қаралып жатыр, қашанға дейін ұзартылатынын бізге Қытай Үкіметі хабарлауы керек. Бастысы — біз Қытай тарапымен уағдаластық, арада бекітілген халықаралық келісімдер болғандықтан біз солардың шеңберінде жұмыс істеуіміз керек, — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Еске салайық, халықаралық ақпарат құралдары Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 7 700-ден асқанын және құрбандар саны 170-ке жеткенін хабарлады. Еліміз Қытаймен арада автокөлік, теміржол және әуе қатынасын уақытша тоқтатып отыр. Республика бойынша коронавирусқа қарсы штабтар құрылды, шекарадағы өткізу бекеттерінде сақтық шарасы күшейтілді. Қытайдан Қазақстанға келген 38 адам ауруханаға жатқызылып, оқшауланды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Коронавирус жұқтырғандар статистикасы. 26 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” 26-28 наурыз аралығында Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

10 АЕК. Үй жануарларын ұстау туралы ережені бұзғандар қалай жазаланады?

Экология және табиғат ресурстары министрлігі ит пен мысық иесі жаңа ережені бұзса, қалай жазаланатынын хабарлады. Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы...

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте 66 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Елімізде кейінгі тәулікте 66 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.