Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашты.
ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары мына нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72 05 49, +7 (7172) 72 01 98, +7 (7172) 72 04 93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ҚХР қалаларында карантин енгізілуіне байланысты сол елдегі Қазақстан азаматтары үшін еліміздің Бейжіңдегі елшілігінде +86 10 65324189 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі де ашылды.
Бұған дейін Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы індет ошағынан ел азаматтарын әкелуді ойластырып жатқанын хабарлаған еді. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген төрт азамат аураханаға түсті деп мәлімдеді. Көрші елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артып барады.