Құбылмалы ауа райы: сейсенбіде өңірлерде қар жауады

Сейсенбіде Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 30 метрден асады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерінде тұман, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Ақтөбе облысында боран соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Түркістан облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерде тұман түседі.