Қарлы боран Нұр-Сұлтан өмірін қиындатып жіберді

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтарға қараған түні астанада 35 жол-көлік оқиғасы болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде қала аумағындағы жекелеген жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды. Полиция тұрғындардан талапқа түсіністікпен қарауды, жеке автокөлікті қоя тұрып, қоғамдық көлікпен жүруді және қар күреп жатқан техника жұмысына кедергі болмауды сұрап отыр.

Халыққа көмек беру үшін департаменттің жеке құрамы түгел жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, қарлы боран, Ақорда
Фото: Оксана Скибан

23 қаңтарда Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2-курс студенттері үшін сабақ кейінге қалды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 38 рейс кешіктіріліп, 11 рейс ұшпады.

Табиғатпен арпалысып, ақтүтек боранда жұмыс істеп жүрген коммуналдық қызмет жұмысшылары. Таңғы сағат 5:05. Мен ол кезде ұйықтап жатқанмын)Қар полигонында КамАЗ көліктері кептеліп жатыр.

Опубликовано Жаркыном Тусупбекулы Среда, 22 января 2020 г.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер еліміздің көп өңірінде қарлы боранға байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған еді.