Мұрат Әйтенов Шымкент әкімі болып тағайындалды

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент әкімі қызметінен босатылды, — деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ерлан Айтахановтың орнына Мұрат Әйтенов тағайындалды.

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент әкімі болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Мұрат Әйтенов 1981 жылы қазіргі Түркістан облысында туған. Армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын ақпаратты қорғауды ұйымдастыру мен оның технологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Қорғаныс министрлігінің арнайы байланыс бөлімінде аға инженер — кезекші ауысым бастығы болып бастаған. ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты мекемелерде жұмыс істеді. 2010-2017 жылдары Президент Іс басқармасының ресми шаралар мен сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, Президент Іс басқармасының аппарат жетекшісі болып қызмет етті.

Шымкент әкімі болып тағайындалға дейін ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, 2019 жылдың шілдесінде Шымкентке Ерлан Айтаханов әкім болған еді. Оған дейін бұл лауазымды Ғабидолла Әбдірахымов иеленді.