16 қаңтарда республиканың көп бөлігінде қар жауады

Мамандардың болжамына қарағанда бейсенбіде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, өңірде күндіз 15-20 метр-секунд жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, боран соғады. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерде тұман түседі, Алматы Қызылорда облыстарында көктайғақ болады. Өңірлерде ескерту жарияланды. 

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда апта соңына дейін ауа райы күрт өзгермейтінін хабарлаған еді.