Еліміздегі ауа райы апта соңына дейін күрт өзгермейді

Мамандардың мәліметінше, бұл үш тәулік ішінде Қазақстанның ауа райында күрт өзгеріс болмайды.

Атлантикадан тағы да циклондар мен оның атмосфера фронттары ығысып, республикаға жылы және ылғал ауа массасын алып келеді. Сондықтан көп облыста арагідік қар жауып, солтүстікте боран мен екпінді жел соғады, оңтүстік облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы республиканың солтүстігінде нормадан 3-8 градус жоғары, оңтүстікте нормаға жақын болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 19-20 қаңтар күндері қатты аяз болмайтынын хабарлаған еді.