14 түрлі иіссу сатылымнан шығарылды

Оқушылар әтірді «Ясин» дүкенінен сатып алынған. Аталған сауда нүктесін тексеруге барған құзырлы органдар лицензиясы жоқ 14 түрлі иіссуді сатылымнан алдыртты. Тәркіленген парфюмерлік тауар құрамын анықтау үшін Астанаға жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қазанда Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектептің алты оқушысы әтірден уланған еді.  Дәріс кезінде иіссу қолданған жеткіншектер аздан соң өздерін жайсыз сезінген. Көздері қызарып, бойларын әлсіздік жайлаған. Оларға емханада алғашқы емдік шаралары көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

Рабиға Милибаева, облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы ол туралы түсінің берді

 «Біздің зертханада әтірдің теріге әсері тексерілді. Ал нақты құрамын анықтауға мүмкіндік беретін токсикологиялық сараптама Астанада жасалады. Нәтижесі алдағы күндері жарияланады»,-деді Милибаева.

ДереккөзХабар