Басты бетЖаңалықтарАйдос Үкібай:...

Айдос Үкібай: Тұңғыш Президент спортпен айналысуға көңіл бөледі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев спортпен айналысуға және дене бітімін күтуге көңіл бөледі. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Айдос Үкібайдың айтуынша, ол Әзірбайжанда және Жапонияда Тұңғыш Президенттің фитнес-браслетінің мәліметін жария еткен кезде Елбасы кеңсесі қызметкерлерінің кейбірі өздерінің дене қозғалысы үшін ұялған.

Спортпен айналысатындардың көбі «астананың қатаң климат жағдайында таза ауада дене шынықтыру мүмкін емес» деген пікірмен келіспейді деп ойлаймын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұрынғысынша спортқа және дене бітімін күтуге көңіл бөледі, — деді Айдос Үкібай.

Тұңғыш Президент кеңсесі өкілінің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан азаматтарының бұқаралық спортпен жиі айналыса бастауы қуантады және бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі мол. Тұңғыш Президент өзі үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттап жүр.

Нұрсұлтан Назарбаев шаңғы теуіп жүр
Нұрсұлтан Назарбаев шаңғы теуіп жүр. Фото: Elbasy.kz

Айдос Үкібай бұл сұхбатында 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті ретінде өкілетін тоқтатқаннан кейін Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметін қалай жасақтағанын да айтты. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев елдегі саяси тұрақтылыққа кепіл бола береді.

20 наурыздан 26 наурызға дейін менің алдымда жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын профессионалдар командасын құру міндеті тұрды. Сонымен бірге Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Әбішұлымен жұмыс істеп көрген кадрлардан да тұруға тиіс болды. Әрине, Тұңғыш Президент қызметін ақпаратпен қамтамасыз етуден бұрын адамдарға Елбасы мәртебесін түсіндіру де керек. Бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаев Президент өкілетін тоқтатқанға дейін іске қосқан саяси реформалардың шешуші звеносы болғанын және бола беретінін түсіну маңызды, — деді Айдос Үкібай.