Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының басшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне мұнай компаниясының 2019 жылы Қазақстанда атқарған жұмысы мен «Жеңіс», «I-P-2» теңіз жобаларын жүзеге асырудың қазіргі ахуалы мен перспективалары туралы баяндады.