@EgovKzBot

Бұл бот арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» порталынан қызмет алуға болады. Ол үшін Egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы азаматтардың мобайл базасында тіркелу қажет. Бот анықтаманы электрон поштаға да жібере алады.

egov бот
Фото: Egov.kz

EgovKzBot көмегімен мынадай мемлекеттік қызмет түрлері мен анықтамаларды алуға болады:

  1. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысы туралы анықтама;
  2. Азаматтың сотталған-сотталмағаны туралы анықтама;
  3. Жеке тұлғаның атында жылжымайтын мүлік бар-жоғы туралы анықтама;
  4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық (ауыртпалықтар) туралы анықтама;
  5. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат;
  6. Әлеуметтік мәртебені тексеру;
  7. Емханаға тіркелу (өзіңізді және балаларыңызды);
  8. Дәрігер қабылдауына жазылу;
  9. Дәрігерді үйге шақыру;
  10. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек броньдау;
  11. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;
  12. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі бар екені туралы анықтама;
  13. Баланың тууын проактив түрде тіркеу;
  14. Ең жақын ХҚКО іздеу;
  15. Жұмыс табу (жұмыссыздар үшін);
  16. Маман табу (жұмыс берушілер үшін);
  17. Наркология диспансерінің анықтамасы;
  18. Психоневрология диспансерінің анықтамасы;
  19. Туберкулез диспансерінің анықтамасы;
  20. БЖЗҚ салымшысы қаражатының айналымы туралы ақпарат;
  21. БЖЗҚ салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат;
  22. Шетелге шығуына шектеу қойылған борышкерлер тізімі және борышкерлер тізімі бойынша шетелге шығуға тыйым салынған не салынбағанын тексеру;
  23. Тұлғаның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны туралы мәлімет.

@Chotamreaderbot

Бұл ботпен кез келген сайттағы мақаланы оңай оқуға болады. Онда артық жарнама, басқа сайтқа сілтемелер болмайды. Бұл боттың тағы бір тиімді тұсы — Қазақстанда арнайы бұғатталған сайттардың мақаласын да еш қиындықсыз ашып оқуға мүмкіндік бар. Ол үшін чатқа мақаланың сілтемесін жіберу керек. Бұрын енгізілген сілтемені интернет жоқта да ашып оқуға болады.

Telegram бот
Chotamreaderbot скриншоты

@LyBot

Кей әнді аудио күйінде таппағандықтан YouTube-тен іздеуге мәжбүрміз. Бұл мәселені Telegram-дағы LyBot шешіп береді. Ол үшін чатқа сілтемесін жіберу керек. Бот әнді мәтіні немесе сөз тіркесі бойынша да тауып бере алады.

Telegram бот
LyBot скриншоты

@Perebot

Кез келген тілдегі сөзді ағылшыншаға аударады. Ал ағылшынша сөздің тек орысшасын көрсете алады. Тіл автомат түрде таңдалады.

perebot
Perebot скриншоты

@InstagramRobot

Мұнда Instagram-нан фото мен видеоны оңай жүктеуге болады. Ол үшін чатқа сол материалдың сілтемесін жіберу керек.

InstagramRobot
InstagramRobot скриншоты