Фермер мен баспагер Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаевпен және «Алматыкітап баспасы» серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Элеонора Баталовамен кездесті. 

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, фермермен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев оның Жамбыл облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына белсене қатысқанын айтты.

Сайрамбай Дөненбаев ауылдар мен ауыл жастарының дамуына қолдау көрсеткені үшін Тұңғыш Президентке алғыс білдірді.

Сайрамбай Дөненбаев
Фото: Elbasy.kz

Элеонора Баталовамен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев оның елдегі баспа ісінің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сіздің жетекшілігіңізбен «Алматыкітап» баспасы жақсы жұмыс көрсетіп отыр. Сіздер өте қызық, жақсы кітап шығарасыздар, — деді Тұңғыш Президент.