2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, заңгерлер Қазақстандағы сұранысқа ие емес мамандықтардың көшбасшысы болуын жалғастырды. Бұл Электрон еңбек биржасындағы резюмелер мен бос орындар санының арақатынасы бойынша анықталды.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшыларының айтуынша, осы жылдың үшінші тоқсанында 2,4 мыңнан астам заңгердің түйіндемелері еңбек нарығында сұранысқа ие болмаған. Үшінші тоқсанда тек 644 бос жұмыс орны Электрон еңбек биржасына орналастырылды. Сонымен қатар 3077 адам осы сала бойынша жұмыс іздеген.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері (707), фельдшер (687), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (582), аспаздар (474) және шаштараздар (413) ең аз сұранысқа ие мамандықтар қатарына кірді.

2019 жылдың үшінші тоқсанында жұмыс берушілер мына мамандықтар бойынша қызметкерлерді аз іздеген: эколог, биология мұғалімі, тігінші, психолог, бастауыш класс мұғалімі, заңгер-кеңесші, мектепке дейінгі мұғалім, есепші, техник-механик, фермер техник, есепші, биолог.

Электрон еңбек биржасында 2019 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс күші мен сұранысқа қатысты толығырақ анализді мына сілтемеге өтіп көре аласыз.

Еске салайық, 2019 жылдың 6 айының қортындысы бойынша еңбек нарығында заңгерлердің 3,6 мыңға жуық түйіндемелері сұранысқа ие болмаған. Сұранысқа ие емес ТОП-5 мамандық құрамына әлеуметтік қызметкерлер (2,4 мыңнан астам түйіндемелер), аспаздар (2 мың), компьютер бағдарламашылары (1,5 мың) және іс жүргізушілер (шамамен 1,5 мың) кірді.