Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев: Неміс кәсіпкерлеріне ерекше жағдай жасаймыз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Неміс кәсіпкерлеріне ерекше жағдай жасаймыз

Қазақстан Президенті Германияның CLAAS Group, Linde AG, Schaeffler Group, Siemens Healthineers және басқа да 20-дан астам компаниясының басшысымен кездесіп, оларды Қазақстан нарығына шақырды.

Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Берлинге сапары барысында неміс бизнесінің өкілдерімен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, CLAAS Group компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзермен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. CLAAS Group компаниясы Қазақстанға CT Agro дистрибьютор желісі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын әкеліп, сервис қызметін көрсетумен айналысады.

Біздің негізгі стратегиямыз — елімізге тартылатын инвестицияларды әртараптандыру. Инвестиция тұрғысынан Германияның негізгі стратегиялық серіктесі болғымыз келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанның ірі компаниялармен ғана емес, орта деңгейдегі компаниялармен де ынтымақтастық орнатуға ниетті екеніне ризашылық білдірді.

Германия бизнесмендері
Фото: Аkorda.kz

Linde AG компаниясының атқарушы вице-президенті Кристиан Брухпен кездесу барысында кәсіпорынның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалары мен жоспарлары туралы сөз болды.

Канцлер Ангела Меркельмен және Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен жүргізілген бүгінгі келіссөздер жоғары деңгейде өтті. Осы келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін, — деді Мемлекет басшысы.

Кристиан Брух өз компаниясының 2013 жылы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ базасында техникалық газ өндіру жобасын іске асырғанын және оған 95 миллион евро көлемінде инвестиция салғанын айтты.

Бүгінде Linde AG компаниясы жобаның екінші кезеңін қолға алды. Жаңа жобаға шамамен 80 миллион еуро инвестиция салуға ниеттіміз, — деді Кристиан Брух.

Неміс компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Жаңаөзенде газ өңдеу зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Schaeffler Group компаниясының бас директоры Клаус Розенфельдпен кездесу кезінде өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Автомобиль жасау, өнеркәсіп және ғарыш салалары бойынша қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорын басшысы Клаус Розенфельд Қазақстан Презиентіне өндіріс пен инвестиция мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.

Siemens Healthineers компаниясының бас директоры Бернд Монтаг Мемлекет басшысына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынатын онкология орталығының жобасын ұсынды. Кәсіпорын басшысы еліміздің өндіріс әлеуетін арттыруға септігін тигізетін ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version