Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді

Қазақстан Президенті мен Германия канцлерінің келіссөзі барысында екіжақты байланыстарды жандандыру мен стратегиялық экономикалық серіктестік орнату мәселелері қозғалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федерация канцлерінің ведомство ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропа одағының Тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды.

Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді, — делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелерін де талқылаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version