Басты бет Жаңалықтар Германияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары басталды

Германияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев 5-6 желтоқсан күндері Германияда болады.

Фото: Берік Уәли

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ұшып барды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та Берлиндегі ресми тұлғалардың Қазақстан басшысын ұшақтан қарсы алған видеосын жария етті.

Бүгін Қазақстан Президенті мен Германия Федерал канцлері Ангела Меркель келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің басқа да белгілі саясаткерлерімен кездеседі. 6 желтоқсан күні ол Берлин Еуразия клубының 28-отырысына қатысады және неміс бизнесмендерімен кездеседі. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version