Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен кездеседі

Қазақстан басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен, Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен және неміс бизнесмендерімен де кездеседі.

Ангела Меркель. Фото: Reuters.com

Қасым-Жомарт Тоқаев 5-6 желтоқсанда Германияда болады. Мемлекет басшысының ресми сапары туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сапар барысында канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген, — деп хабарлады Берік Уәли Facebook-та. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде саясат және қоғам қайраткерлерінің, мемлекеттік орган өкілдерінің, «Германия — Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді. Президент Берлин Еуразия клубының 28-отырысына қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге неміс компанияларының басшыларымен кездеседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version