Басты бетЖаңалықтарӨңірлерде көктайғақ...

Өңірлерде көктайғақ пен тұманға байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел мен жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, Жарма ауданында жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, күндіз көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, Ақмола облысының кей жерінде күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы облысында жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, түнде кей жерінде тұман түседі. Жамбыл облысында тұман түседі, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында тұман түседі, таңертең және күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысында тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Түркістан, Маңғыстау облыстарында тұман түседі. Мамандар аталған өңірлердің тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертті.

Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда тұман мен көктайғаққа байланысты, Оралда жаяу бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды.