Әлихан Смайылов: Корпоративті мемлекет қаржысына өткізбеу керек

Премьер-министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар бюджет қаржысы есебінен корпоратив өткізбеуі керек екенін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Корпоративке келетін болсақ, Қаржы министрлігі биыл корпоратив өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Менің ойымша, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар корпоративті бюджет және мемлекеттік компания есебінен өткізбеуі керек. Егер жиналғысы келсе, оны қызметкерлердің өз қаржысына өткізуге  болады, — деді Әлихан Смайылов журналистерге.

Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері Жаңа жыл мерекесіне арналған корпоративке де бюджет қаражатын жұмсамауы керек екенін айтты.