Жаңа жылда Алматы қалай безендіріледі?

Бұл туралы Қоғамдық кеңес отырысында Алматының мәдениет басқармасының жетекшісі Ернар Құрмашев айтты. Оның айтуынша, Алматыдағы жаңажылдық безендіру жұмыстары бірыңғай дизайн стилін сақтау үшін мәдениет басқармасына тапсырылған.

Біз қаланы безендірумен айналысатындарға арнап арнайы техникалық құжат — брендбук дайындадық. Басқарма ғана емес, кәсіпкерлер де өз объектілерін безендіреді. Көп ел жылы түстерді қолданады. біз де  бірыңғай стильді сақтаймыз, — деді Ернар Құрмашев.

Ол мереке қарсаңында қала орталығы ғана емес, қала маңы да безендірілетінін айтты.

Бұған дейін Жаңа жылда безендірілмеген көшелерді де қарастырып жатырмыз. Қаланың сегіз алаңын нағыз жаңажылдық атмосфераны көрсететіндей етіп безендіреміз. Әр алаңға шырша орнатылып, шоу қойылады. Бас шырша ескі Астана алаңында болады. Барлық шыршаны Тәуелсіздік күнінен соң 18 желтоқсанда жағамыз, — деді Ернар Құрмашев.

ДереккөзZakon.kz