Алматыда «Сарыарқа» және «Достық» станциялары 2021 жылы ашылады

«Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысы 2021 жылы аяқталады. Ол кезде метро арқылы күніне 86 мың адам қатынайды деп болжанып отыр. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қалқаман» және «Батыс автовокзалы» станцияларын салу жоспарланып жатыр.

Сонымен бірге қаладағы қоғамдық көліктерге газбен жүретін автобустар қосылады.

Бүкіл троллейбус желісін жаңғырту жұмыстары басталды. Мұндағы басты бағыт — экологиялық таза көлік түріне көшу. Жақында мегаполиске электробустар да жеткізілді. Маршрут желісін одан әрі кеңейту үшін жаңа №33, №113, №204, №206 және №208 автобустарды қосу жоспарланған. Соңғы бес жылдың ішінде газ бен дизельмен жүретін 1 331 жаңа автобус сатып алынды. Биыл тағы 450 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Қазір соның 222-сі жеткізілді, — деп жазылған хабарламада.

Жыл соңына дейін коммерциялық құрылымдармен сатып алынған №202 автобус пен қала әкімдігінің бюджеті есебінен сатып алынған газбен жүретін №230 автобус жолға шығады.