Еліміздің тұңғыш заң басылымдарының мерейтойы аталып өтті

Алматыда атаулы күнге орай «Қазақстанда құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы баспасөздің ролі» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Шарада газеттердің өткені мен бүгіні, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы ролі, газет-журналдардың қазіргі таңдағы хал-ахуалы мен сөз бостандығы талқыланды.

«Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдары 1994 жылдың 3 қарашасынан шыға бастады. Бұлар — еліміздегі алғашқы республикалық заң  басылымдары.

Басылымдар мақалалары 25 жылдан бері еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, құқықтық өміріндегі тақырыптарды арқау етті. Ол материалдар «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарының тұрақты оқырмандарын қалыптастырды. Басылымдар тиесілі «Заң» медиа-корпорациясы «Заң», «Фемида» журналдарын шығарып, Zanmedia.kz сайтын іске қосты.

ДереккөзAlmaty.tv