ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға жоғары, алайда нақты ақшалай кіріс аталған кезеңде 7,5%-ға азайған.
Сондай-ақ, қыркүйек айындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 447,2 мың адамды құрады. Халықтың экономикалық белсенділігіне байланысты жұмыссыздар деңгейі — 5%. Ал жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер қыркүйек айында 74,4 адам болды.
Айта кетейік, статистика комитетінің ақпараты бойынша 2015 жылғы жұмыссыздар саны да 5%-ды құраған.

1 Пікір