Саммиттің мақсаты — көшбасшы жастардың қоғамдағы танымалдығын арттыру және өзге жастарды мақсатына жетуге ынталандыру.
Біз жастардың өз ісін жақсы білетін нағыз мамандардың кеңестерін тыңдап, талаптанса екен дейміз. Жастардың түрлі жобалары бар, олар оны қайда апарып таныстырарын білмейді. Сондықтан осындай алаңда мықты мамандарға көрсетіп, бағыт-бағдар алғанын қалаймыз, — дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Ақнұр Тәуекел.
Оның айтуынша, шараға университет пен колледж студенттерінен басқа да 14-29 жас аралығындағы жастар қатысып жатыр.
Айта кетейік, Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған еді. Бұл бағытта жастарды қолдауға арналған шаралар әлі де жалғасады.