27 қарашада ауа райы қандай болады?

27 қарашада республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, батыс пен шығыста жел күшейеді, еліміздің орталық бөлігінде көктайғақ болады.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, кей жерде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында тұман түседі.