Әуезов театрының артистері Уәйіс Сұлтанғазыұлын еске алды 

Әуезов театрының жас режиссеры Алмат Шәріповтің ұйымдастыруымен өткен кешті аткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов жүргізді. Бұл туралы театрдың Instagram-парақшасында жазылды.

Кеш жас артистер Азат Тұрарбеков пен Захира Рахымжанның «Ғашықтар диалогынан» басталды. Талантты актер Мейрамбек Тағанов «Айқаракөз» әнін орындады. Уәйіс Сұлтанғазыұлын еске алу кешіне оның туған-туыстары мен Әуезов театры ұжымы қатысты. Актермен бірге жұмыс істеген Есмұхан Обаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Әубәкір Рахимов, Жұмағали Маханов, Асылбек Боранбай, Данагүл Темірсұлтанова сынды артистер сахна төріне шығып, актер жайлы, сомдаған рольдері туралы естелік айтып берді, — деп жазылған театрдың Instagram-парақшасында.

Еске алу кешінде театр директоры Сәбит Әбдіхалықов Уәйіс Сұлтанғазыұлының жары Шолпан Сұлтанғазинаға театр ұжымы атынан камзол кигізіп, ілтипат білдірді. Қонақтар театр музейінен Уәйіс Сұлтанғазыұлының жеке шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.

View this post on Instagram

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Уәйіс Сұлтанғазыұлының 70 жылдығына орай еске алу шарасы өтті. ⠀ Әуезов театрының жас режиссері Алмат Шәріповтың ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараның жүргізушісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов болды. ⠀ ⠀ Жас артистер Азат Тұрарбеков пен Захира Рахымжанның «Ғашықтар диалогынан» басталған кеш, әдемі лирикалық сарынмен жалғасын тауып отырды. «Айқаракөз» әнін орындаған – театрымыздың жас та талантты актері Мейрамбек Тағанов. ⠀ Қазақ театры мен «Тамаша» ойын-сауық отауында қайталанбас образдар жасаған Уәйіс Сұлтанғазыұлын еске алу кешінде оның туған-туыстары мен Әуезов театры ұжымы болды. Ал Есмұхан Обаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Әубәкір Рахимов, Жұмағали Маханов, Асылбек Боранбай, Данагүл Темірсұлтанова сынды артистер сахна төріне шығып, актер жайлы, сомдаған рөлдері мен өткен күннің естеліктерімен бөлісті. ⠀ ⠀ Кеш барысында театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов Уәйіс Сұлтанғазыұлының жары Шолпан Сұлтанғазина ханымға қазақы дәстүр бойынша театр ұжымы атынан камзол кигізіп, ілтипат білдірді. ⠀ Сондай-ақ, Наргиз Тамабекқызы жетекшілік ететін «Музей» бөлімі Уәйіс Сұлтанғазыұлының жеке шығармашылығынан және әр жылдары сахналанған спектакльдерден көрме ұйымдастырды. ⠀ #94театрмаусымы #Әуезовтеатры94маусым

A post shared by ? Áýezov teatry (@auezovtheatre) on