Ержан Максим байқауда өзін қолдағандарға алғыс айтты.

Құрметті менің достарым, апа-ағаларым, ата-әжелерім! Маған дауыс бергендеріңізге өте көп-көп рақметімді айтқым келеді. Осының бәрі сіздің арқаңызда! Мен сіздерді қатты жақсы көремін! Барлығыңызға рақмет! Екінші орын! — деді Ержан Максим Instagram-парақшасында жариялаған видеосында.

View this post on Instagram

Қазақтың қаршадай баласы Қазақстанды әлемге әйгіледі!??? ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ Байрақты бәсекеде Ержан еліміздің мерейін асқақтатты. Әлемдік ән байқауында үздіктердің қатарынан көріну – Қазақстан үшін, әнші балапанымыз үшін үлкен ЖЕТІСТІК! Cондай-ақ жерлесімізге жанкүйер болған барша көрерменге алғыс айтамыз! Бұл біздің ортақ ЖЕҢІСІМІЗ! @maksim_erjan ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀

A post shared by Ержан Mаксим OFFICIAL (@erzhan_maksim.fan) on

Еске салайық, 24 қарашада Польшаның Гливицесінде өткен Junior Eurovision-2019 халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсеткен Ержан Максим «Арманыңнан қалма!» әнімен екінші орынға ие болған еді. Ол байқауда кәсіби қазылардың 148 және көрерменнің 79 дауысын иеленіп, жалпы 227 ұпай жинады. Бірінші орынды Superhero деген ән орындаған Польша өнерпазы Виктория Габор 278 ұпаймен жеңіп алды. Үшінші орынды Marte деген ән айтқан Испания әншісі Мелани Гарсия алды, оның ұпайы — 212.

Қазақстан Junior Eurovision байқауына екінші рет қатысты. Былтыр Минскіде еліміз дебютант болған байқауда Данэлия Төлешова бақ сынап, 171 ұпаймен 6-орынды иеленген еді. Ол жанкүйерлердің ең көп дауысына ие болған үш сайыскердің бірі болды. 2018 жылғы байқауда Польша әншісі Роксана Венгель жеңімпаз болып, биыл байқау соның елінде өтті.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!