Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде негізгі басымдық мал шаруашылығына беріліп отыр. Аймақ еліміздегі ауыл шаруашылығы көрсеткішінің 62,3%-ін құрайды. Сонымен қатар облыс республика көлемінде бал, марал мүйізі мен күнбағыс майын өндіру бойынша 1-орын, ет өндіру бойынша 2-орынды иеленіп отыр.
Агроөнеркәсіптік кешенде өсімдік шаруашылығын экспорттауға басымдық беріледі. Әуелі сояны шетелге шығару ісі жақсы жолға қойылған. Сарапшылар Қытай Халық Республикасындағы нарықта сояның тоннасын 97 миллион теңгеге (60 миллиард АҚШ доллары) бағаланатынын айтып отыр. Ондағы сояның өндіріс көлемі жеткіліксіз. Ал Шығыс Қазақстан Қытаймен шекаралас болғандықтан сояны экспорттауға мүмкіндік бар.
Бүгінде өңірде соя өндірісінің көлемін арттырып, экспортты ұлғайту жүріп жатыр. Жүгеріні өсіруге де баса назар аударылады. 2016 жылға дейін Қытайда жүгері көп өсірілді. Алайда 2017 жылдан бастап өндіріс көлемі төмендеп, 12,4 миллион тонна болды.
Қазір Қытайда жүгеріге деген ішкі сұраныс артты. Нәтижесінде біздің өкілдер мен Қытай арасында алыс-беріс артты.
Жыл сайын Қытайға 3 миллионға жуық жүгері экспортталады. Қытайдың ішкі нарығындағы сұранысты өтеу үшін Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылдан бастап 10,2 мың гектар жүгері салынады. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 57% жоғары. Ал 2024 жылы 12,8 мың гектар егіледі де 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артады). Осылайша, жүгерінің жалпы өнімі 32,1 мың тонна болады.
Соя мен жүгері көлемін арттыру мақсатында арнайы жоспар құрдық. Соған сәйкес 2024 жылы егіс алқабы 4,2 есеге артады. Нәтижесінде 6,5-тен 13 мың гектарға дейінгі аумаққа өнім егіледі. Экспорт көлемі 10 есеге, 5,5-тен 30 мың тоннаға дейін артады. Ал өнім 1,5-тен 15 мың тоннаға дейін көбейеді. Жалпы соя мен жүгері егу облысымызға ғана емес, еліміз үшін де стратегиялық маңызы бар іс. Аймақта құнарлы жер де, қажет құралдар да бар, — дейді Даниал Ахметов.