«Қазгидромет» мамандары климат бойынша нағыз қыс басталғанын хабарлады.
21-22 қараша климаттық қыстың басы болып есептеледі. Бірақ республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарының тұрғындары үшін қыс ерте түсіп қана қоймай, нормадан тыс аязбен басталып, оңтүстік облыстарға да тарады, — деп хабарлады синоптиктер.
Мамандардың болжамы бойынша алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына солтүстік теңіздерінен суық әрі ылғал ауа тағы келеді. Сондықтан республиканың көп бөлігінде бұлыңғыр ауа райы қалыптасады, кей жерде қар жауып, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады, аяз бәсеңдей бастағанымен ауа температурасы әлі де орташа көпжылдық нормадан төмен болады.