Алматы студенттері Абай өлеңдерін оқып жарысты

Өлең оқу байқауына қаладағы 12 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Барлық қатысушыға алғысхат берілді.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов Абай өлеңдері жастарға шамшырақ болатынын айтты.

Біздің университетте «Абай өлеңдері үш тілде» атты қалалық байқау ұйымдастырылды. 50-ден астам адам қатысқанымен оның 21-і ғана финалға өтті. Меніңше, Абайдың шығармалары, оның әр сөзі бізді жарқын болашаққа бастайды, — деді Тілектес Есполов.

ДереккөзAlmaty.tv