Басты бетҚоғамGoogle саяси...

Google саяси жарнама беру тәртібін қатаңдатып жатыр

Бұл туралы «РИА Новости» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Кейінгі уақытта саяси жарнама туралы туындаған пікірталасты және демократиялық процеске сенімнің маңызын ескере отырып, біз сайлаушылардың жарнама платформаларымызда көрінетін саяси жарнамаға сенімін арттырғымыз келеді. Соған орай әлемдегі барлық алаңымыздағы саяси жарнаманы өңдеуге өзгерістер енгізіп жатырмыз, — деп мәлімдеді Google компаниясының өкілдері.

Google-дың саяси жарнама берушілерге ұсынатын негізгі форматтары мыналар: компанияға пайда әкелетін серіктестеріне және кейбір сайтқа орналастырылған Google-дағы іздеу хабарландырулары (белгілі бір тақырыпты немесе үміткерді іздеу бойынша), YouTube-тегі іздеу және хабарландырулар.

Компания сайлау жарнамасының бағытын жасына, жынысына және орналасқан жеріне қатысты шектейтінін хабарлады. Мәлімдемеде саяси жарнаманы ұсынатындар мәтін түріндегі жарнаманы шығарып, соның ішінде нақты бір оқиғаны бақылайтын, оқитын, іздейтін қолданушыларға жарнама материалын көрсетуді жалғастыра беретіні туралы жарияланды.

Жаңа ереже Ұлыбританияда бір аптадан кейін, ал Еуропа одағына мүше елдерде жыл соңына дейін күшіне енетіні белгілі болды. Басқа елдерде олар 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорси платформадағы барлық саяси жарнамаға тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Тыйым 22 қарашадан басталады, қазіргі жарнама берушілерге бұл өзгеріс туралы ертерек хабарланған.  Компания «саяси» ұғымына «кандидатқа, саяси партияға, сайланған немесе тағайындалған мемлекеттік қызметшіге, сайлауға, референдумға, бюллетеньге, заңнамаға, ережеге, директиваға немесе сот шешіміне қатысты контент» деген мағына енетінін де айтты.