Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев заң үстемдігін қамтамасыз ету мен халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы туралы айтты.
Істеліп жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы — сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт, — деді Тұңғыш Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті де қабылдады. Тұңғыш Президент әйгілі суретшінің өнер мен мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Кәміл Муллашев Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның өнер қайраткерлеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.