Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады. 

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орнын одан әрі дамыту және оның халықаралық беделін нығайту туралы айтты. 

Университеттің беделін көтеру маңызды. Алдымызда жоғары оқу орнын зерттеу орталығына айналдыру мақсаты тұр. Білім сапасы мен профессор-оқытушылар құрамын даярлау деңгейін арттыруға көңіл бөлу керек. Білім алушылардың жағдайын жақсарту үшін студент жатақханаларын салу жөнінде тапсырмалар берілді, — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Әңгіме барысында Ғалымқайыр Мұтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған шараларға дайындық жөнінде де мәлімет берді.