Президент «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Дархан Қыдырәлі Президентке «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында атқарылған шаралар, айтулы дата шеңберінде шығарылған еңбектер және Халықаралық түркі академиясы атқарып жатқан жұмыс жайында да баяндады.

Сонымен бірге ол Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жинақталған «Домбыра» оқулығын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын ғасырлық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.