Батырхан Шүкенов атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Байқаудың соңғы турында 12 адам өнер көрсетті. Әр номинацияның I, II және III орын иегерлері анықталды. Бірінші орын алғандарға 525 000 теңге, екінші орын иесіне 350 000 теңге, үшінші орынға 175 000 теңге берілді.

Қазылар алқасының айтуынша, әдетте қайырымдылық қорлары музыка жобаларына қолдау көрсете бермейді.

Елдегі үрмелі аспап музыканттары арасындағы соңғы үлкен конкурс Кеңес Одағы кезінде өтті. Ал бұл байқау танымал музыкант әрі композитор Батырхан Шүкеноваті еске алып, жаңа таланттарды жарыққа шығаруға көмектеседі, — деді қазылар алқасы.

Айта кетейік, байқау  керней, валторна, тромбона, туба, барабан және джаз ансамблі номинациялары бойынша өткен еді. Оны Батырхан Шүкенов атындағы қор Болат Өтемұратов атындағы қордың қолдауымен ұйымдастырды.

ДереккөзInformburo.kz