Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқау басталды

Байқауды Батырхан Шүкенов атындағы қор ұйымдастырды. Қордың қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Шүкенов байқаудың елдің мәдени өмірінде елеулі орын алғанын айтты.

Байқаудың арқасында Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана емес, республика деңгейінде танылған жаңа музыканттардың шығып жатқанына қуаныштымыз. Байқауға қолдау көрсетіп келе жатқан Болат Өтемұратов атындағы қорға және қатысушылардың өнерін бағалау үшін елдің әр аймағынан келген қазылар алқасының мүшелеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта байқауды халықаралық деңгейде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, — деді Бауыржан Шүкенов.

Байқау жеңімпаздары 13 қарашада анықталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры — 5 250 000 теңге. Қатысушылардың өнерін batyr.foundation сайтынан қарауға болады.

ДереккөзTengrinews.kz