Қар аралас жаңбыр мен 30 градус аяз. 19 қарашадағы ауа райы

19 қарашада еліміздің көп бөлігінде ауа райы тағы да құбылмалы болады. Өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, орталық және шығыс облыстарда қар мол түседі, батыста, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша сейсенбіде Алматы, Түркістан облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында тұман түседі, Қызылорда, Атырау облыстарында көктайғақ болады, Жамбыл облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, бұрқасын мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, 30 градусқа дейін аяз болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 23 метрге күшейеді, Қостанай облысында тұман түседі, 30 градус аяз болады, Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады, 33 градусқа дейін аяз болады. Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Павлодар облысында ауа температурасы 30 градус аязға дейін төмендейді.

Нұр-Сұлтанда қар мен бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды, жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» кәсіпорны 19-21 қараша күндері бірнеше өңірде 33 градус аяз болатынын хабарлаған еді.