Басты бетҚоғам16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болады?

16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болады?

Гидрометеорологтардың  хабарлауынша, осы аралықта Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында төмендеген ауа райы жексенбі күні жоғарылайды. Бұл аймақтарда алдағы түнде ауа температурасы минус 17-25 градус болса, жексенбінің түнінде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5-13 градусқа жоғарылайды, — деді «Қазгидромет» өкілдері.

Атлантика циклоны ауа температурасының жоғарылауына ғана емес, қардың жаууына, батыстан күшті желдің соғуына әсер етеді. Әсіресе, далалы аймақта автожолдарда қатынау қиындауы мүмкін. Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмаса да, ауа температурасы төмендейтіні хабарланды.