Алматының даму стратегиясын қоғам мүшелері әзірлеп жатыр

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жиында қоғамдық кеңес сарапшылары мен өкілдері жаһандық және өңірлік бәсеке, инфрақұрылым мен автокөлік, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау мен экология, адами капиталды дамыту сияқты стратегиялық даму бағыттары бойынша пікір алмасты.

Бұл — қала дамуының басты басымдығын қамтитын негізгі құжат. Біз үшін ұзақмерзімді мақсатты анықтаудағы пікірлеріңіз маңызды. Бәріміз біріксек, қалаға қажет ұзақмерзімді әрі оңтайлы шешімдер табарымыз сөзсіз, — деді Ержан Бабақұмаров.

Саясаттанушы Айдос Сарым, Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыру комитетінің төрағасы Елдар Әбдіразақов, қаржыгер және кәсіби энергетик Әсет Наурызбаев, қоғам белсендісі Ерлан Нұрпейісов, мониторинг жөніндегі маман Маржан Айтжанова, халықты қоныстандыру саласындағы сарапшы Аида Әлжанова, көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы сарапшы Елена Ерзакович, экология жөніндегі кеңесші Жарас Тәкенов, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» ҚҚ директоры Меруерт Махмұтова да ұсыныстарын айтты. Құжат жобасына Мамандық таңдау орталығының басшысы Жантөре Кәрімовтің, Қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Қисыковтың, саясаттанушы және тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаевтың, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұйымдастыру саласындағы сарапшы Тимур Почановтың ұсыныстары да енгізілді.

Ержан Бабақұмаров кездесудегі диалогтың конструктивтігіне ерекше тоқтады.

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша стратегия жобасы жақын арада Алматы тұрғындарының талқылауына шығады. Сарапшылар мен Алматы тұрғындарының ұсынысы жұмыс тобының отырыстарында талқыланады. Сонымен бірге құжаттың жобасы барлық диалог алаңында, соның ішінде мәслихатта, қоғамдық және іскерлік кеңестерде талқылауға ұсынылады.